Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дума депутаты КСРО туын Ресейдің жаңа туы етуді ұсынды

Дума депутаты КСРО туын Ресейдің жаңа туы етуді ұсынды

Ресей. 18 мамыр. 7kun.kz – Қырым аймағынан сайланған депутаты Михаил Шеремет Ресейдің жаңа Мемлекеттік туы ретінде бұрынғы КСРО туын бекітуді ұсынды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Mk.ru порталының жазуы бойынша, Мемлекеттік Дума депутаты КСРО туын «жеңіс туы» деп біледі. Батыс елдері тек сол бұрынғы тумен күресіп келген деген сенімде.

"Батыс елдері жеңіс туынан қорқады, олар соған қарсы соғыс жариялады. Өйткені жеңістің қызыл туы оларға халқымыздың ұлылығы мен ұлы жеңісті еске салады. Жеңіс туын біздің мемлекеттік туымыз деп мойындайтын кез келді деп ойлаймын», деген Шеремет.

Ол Ресейдің қазіргі туын мақтан тұтатынын, бірақ ел дамуының осы кезеңінде жаңарған супер державаның символы ретінде жеңіс туы өте маңызды екенін атап өтті.

Похожие материалы