Алматы. 4 қазан. 7kun.kz – Бүгін Қазақстан Республикасының үкіметінде Дүниежүзілік банк топтарының қатысуымен дөңгелек үстел болды. Дөңгелек үстел барысында етті мал шаруашылығы және қой шаруашылығы салаларын дамыту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.
Дүниежүзілік банк сарапшылары ет секторын дамыту және сарапшылық әлеуетті арттыру үшін мал шаруашылығы өнімдерін қадағалау жүйесін құру бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Дүниежүзілік банктың қолдауымен мұндай жүйе Уругвай және Бразилияда құрылған.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелге Уругвайдың бұрынғы ауыл шарушылығы министрі, ауыл шаруашылығы дүниежүзілік банкінің жетекші кеңесшісі қатысты. Табаре Агуэрра өз сөзінде Уругвайдағы етті бағыттағы ірі қара мал секторын дамыту бойынша тәжірибиесімен бөлісті.
Қазіргі уақытта Уругвай сиыр етін экспорттауда әлемдік нарықтың 10% дейін қамтуда. Ол кіші шаруа қожалықтарды дамытудың маңыздылығы сиыр етін өндіруге жол ашады.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Дүниежүзілік банк өкілдері Қазақстандағы ауылшаруашылығын дамытуға қаржы бөлуге дайын екендігін жеткізді.
Меморандумды қолдау аясында, қазақстандық ауылшаруашылығы өнімдерін Қытай нарығына шығаруды бірлесіп іске асыру бойынша келісімге келді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024