Экономика
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы маска режимін қайтаруға шақырды

Әлем. 13 шілде. 7kun.kz – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус үкіметтерді пандемияның жаңа толқынына байланысты Covid-19-ға қарсы әрекет ету жоспарларын, соның ішінде маска режимін енгізу арқылы жүйелі түрде қайта қарауға шақырды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Мен Сovid-19 жұқтыру жағдайларының саны артып келе жатқанына алаңдаймын, бұл денсаулық сақтау жүйелері мен медицина қызметкерлеріне қосымша ауыртпалық әкеледі», – деді ДДҰ басшысы.
Ол әлемде омикрон штаммының күшейіп, короновирус салдарынан өлім-жітімнің көбейгенін айтты.