Алматы. 24 қазан. 7kun.kz - Тәжікстан Азия Групп Холдингі Душанбе қаласының автопаркін жаңғырту үшін Қазақстанда құрастырылған Peugeot 301 автокөлігінің 1500, JAC S3 автокөлігінің 500 данасын сатып алатын болды. Бұл туралы KazakhExport хабарлады.
Айта кетейік, сәуірдің 19-21-і күндері "KazakhExport" ЭСК" АҚ Қазақстанда өндірілген тауарларды насихаттау мақсатында "СарыарқаАвтоПром" ЖШС мен "Hyundai Trans Auto" ЖШС өкілдері мен Тәжікстан кәсіпкерлері, мемлекеттік органдарымен бірқатар кездесу өткізген.
Кездесу барысында Душанбе қаласы төрағасының көлік мәселелері жөніндегі орынбасары Саидзода Курбон мырзамен Душанбе қаласы коммуналдық техника паркін жаңарту мәселелері талқыланды.
Кездесулердің нәтижесі бойынша Душанбе автопаркі қазақстандың автокөліктермен жаңартылатын болды. Келісімшарттың жалпы құны 24 млн. АҚШ доллары.
Анықтама:
"СарыарқаАвтоПром" компаниясы 2010 жылы тіркелген, түрлі брендтің жеңіл автокөліктерінің кең спектрін шығарады.
Қазақстандық кәсіпорынның жаңа серіктесі – "Тәжікстан Азия Групп Холдингі" - Тәжікстандағы ірі компаниялардың бірі. Холдинг автокөлік тасымалы, әуе көлігі және банк салаларында жұмыс істейтін бірнеше компаниядан тұрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024