Алматы. 31 қазан. 7kun.kz – Бірнеше нұсқа бойынша ең бай адамдар тізімінде көш бастап тұрған Amazon басшысы әрі иегерлерінің бірі Джефф Безос компаниясының акциясы төмендеуіне байланысты екі күнде 19,2 миллиард доллардан айырылды, - деп хабарлайды vestifinance.ru.
Жұмада Amazon акциялары 7,8%-ға төмендеді, ал дүйсенбіде - тағы 6,3%-ға құлдырады. Инвесторлар компанияның есеп беруіне қанағаттанбаған, олар өздері болжаған табыстан әлдеқайда төмен пайда түсірген. Акцияның құлдырауына жаһандық сауда қорының әсер етуі де салдарын берді. Соның салдарынан Amazon басшысы 19,2 миллиард доллардан айырылды. Бұл аз уақытта болған рекордтық қаражат.
Қазіргі уақытта Безостың байлығы - 128,1 миллиард долларға бағаланады, соған қарамастан ол әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бірінші орынды сақтап қалды.
Бұған дейінгі рекорд Facebook әлеуметтік желісінің құрылтайшысы Марк Цукербергке тиесілі. Ол маусымда екі күн ішінде 16,5 миллиард доллардан айырылған еді.
Қыркүйек айында Amazon капитализациясы 1 трлн доллардан асып кеткен екінші америкалық компания болды. Тамыз айында мұндай деңгейге америкалық Apple корпорациясының құны жетті.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024