Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz – Amazon негізін қалаушы және әлемнің ең бай адамдарының бірі Джефф Безос әйелі Маккензимен ажырасқанын жариялады. Бұл туралы Безос Twitter әлеуметтік желісінде жазды.
"Біз адамдарды өміріміздің дамуы туралы хабардар етуді қалаймыз. Отбасымыз бен жақын достарымыз білетіндей, біз ұзақ уақыт бойы қарым-қатынасты зерттеп және бөлек тұру талпыныстарынан кейін ажырасып, ара-қатынасты достар ретінде жалғастыруды шештік. Біз бір-бірімізді тапқанымызға өте қуаныштымыз және бірге тұрған әрбір жыл үшін бір-бірімізге ризашылығымызды білдіреміз. Тіпті 25 жылдан кейін ажырасатынымызды білсек те, біз осы жолды қайта таңдар едік. Біздің керемет отбасылық өміріміз болды, сондай-ақ біз ата-ана, дос, іскерлік серіктестер, және де тәуекелді идеялар мен оқиғаларды іздеуде жеке тұлға ретінде ғажайып болашақты көреміз. Ортақ құндылықтарда айырмашылық болуы мүмкін, бірақ біз отбасы және сырлас достар болып қала береміз" , - деп жазған Безос.
Джефф пен Маккензи Безос 1993 жылы үйленді. Жұптың төрт баласы бар. Bloomberg агенттігінің есептеуінше, қазір Джефф Безостың қаржылық жағдайы 137 млрд АҚШ долларын құрайды. Ол ғаламшардағы ең бай адамдардың бірі, сондықтан Маккензи Безоспен ажырасқаннан кейін 69 млрд долларға иелік етеді. Осылайша Маккензи әлемдегі ең бай әйел болады.Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024