Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Джефф Безостың 150 метрлік 10 мың жыл жұмыс істейтін сағаты жасалынып жатыр

Джефф Безостың 150 метрлік 10 мың жыл жұмыс істейтін сағаты жасалынып жатыр

Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz — Amazon басшысы, әрі әлемдегі ең бай адам Джефф Безос  Twitter парақшасына 10 мың жыл жұмыс істейді деп есептелінген, 150 метрлік сағаттың Техастағы құрылысы жайлы алғашқы видеоны жариялады.

Тау ішінде шахтаны құру жұмысы 2011 жылдан басталған. 20 ақпан күні Безос, құрылысшылардың келесі қадамға көшкендігін, яғни сағаттың өзін орнатумен айналысып жатқандығын мәлімдеді.

Аталмыш жобаның құрылысымен бейкоммерциялық Long Now Foundation ұйымы айналысып жатыр. Олар осы жердің есігін халыққа ашық етуді жоспарлап отыр. Безос бұл жобаға жеке қаражатынан 42 млн доллар салған. Оның сөзінше, сағат - "ойланудың ұзақмерзімді символы". Сағаттың мәні алыс болашақ жайлы адамдарға ой салатын болады.

Безос 2011 жылы «4000 жылы сіз осы сағаттарға қарап, олар оны қалай құрастырды? деп ойланасыз» деген еді.

Long Now сайтында сипаттағанда, сағат дамыл-дамыл музыка ойнап тұрады, бір музыка 10 мың жылда бірде-бір рет қайталанбайды делінген.

Сағат Техастың батысындағы Ван-Хорн қаласында орналастырылған.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы