Астана. 26 қыркүйек. 7kun.kz — 2017 жылдың 21 қыркүйегіндегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1194 кәсіпорнында 20 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 2,65 млрд теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады, деп хабарлады enbek.gov.kz.
Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 1051 ұйғарым беріліп, 145,1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 17 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 2,28 млрд теңге төленді.
Бүгінгі таңда еңбекақыны төлеу бойынша заңбұзушылық деректерін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.
Айгүл Хожантаева