Алматы. 31 қазан. 7kun.kz - Еуропа қайта құру және даму банкі "Қазақстан Рамстор" бөлшек сауда желісіне 11$ млн көлемінде бесжылдық несие береді, бұл туралы банк баспасөз қызметі хабарлады.
Қарыз теңге есебінде беріледі және Migros Ticaret A.S. түрік компаниясына тиесілі «Рамстор Қазақстан» компаниясының Алматы қаласы Самал ықшам ауданында орналасқан жетекші сауда орталығын қайта құруына жұмсалады.
«Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру мен мемлекет бойынша тауарларды бөлшектеп сатудың едәуір сапалы қызметіне көшуіне байланысты Қазақстан шетел инвестициясын ынталандыруына ықпал етеді. Несиенің жергілікті валюта есебінде берілуі компанияның айырбас бағамының өзгеруінен туындайтын киындықтардың алдын алады», - деп түсіндірді Қазақстан ЕҚҚДБ директоры Агрис Прейманис.
Айта кетейік, бүгінге дейін ЕҚҚДБ ірі институционалды инвестор ретінде шикізатттық емес секторларға көңіл бөле отырып, Қазақстанның өзге де секторларына 7,3 млрд көлемінде қаржы инвестициялады.
Диана Құрманбекова
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024