Экономика
Регионы
Е.Сұлтанов: СҚО-да 2015 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсу 102,8%-ды құрады
2015 жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысындағы экономикалық өсу 102,8%-ды құрады, деп мәлімдеді өңір басшысы ОКҚ брифингінде. Бұл туралы Рrimeminister.kz хабарлайды.
«Экономикалық өсу 2014 жылмен салыстырғанда Солтүстік Қазақстан облысында 102,8%-ды құрады. Оған қоса, облыс бюджеті 100%-ға атқарылды», - деді Е.Сұлтанов.
«2014 жылдық көрсеткішпен салыстырғанда өсім көлемі 118 пайызды құрады, оған қоса әлеуметтік сала нысандарының құрылысы мен баспана және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысының аяқталуына арналған 3,5 млрд теңге оңтайландырылды», - деп баса айтты ол.
2015 жылы облыс экономикасына 154,5 млрд теңге 128,4% өсіммен жұмылдырылды. Жыл қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы инвестициялардың өсуі бойынша республикалық өңірлер арасында көшбасшы орынды иеленді. 30%-ға жуық инвестиция агроөнеркәсіптік кешенге жұмсалды. Өткен жылы облыста таяу және алыс шетелден келген 25 делегация болып қайтты.
«Біздің әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде шетелдік инвестициялардың өсуін 60%-ға көтердік. Бұл көрсеткіш аймақ үшін жақсы нәтиже»,- деді әкім.
Сондай-ақ, оның айтуынша, облыста жеке инвестициялар есебінен Петропавл қаласының көлік және логистика орталығын салу, сондай-ақ астық және майлы дақылдарды өңдейтін екі ірі зауыттың құрылысы жүргізілуде.
Фото:damu.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024