Алматы. 2 желтоқсан. 7kun.kz - Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында жоғалған кіріске берілетін өтемақының ең жоғарғы деңгейі Қазақстанда. 2015 жылы ЕАЭО-да зейнетақының орташа деңгейі 42%-ды құрады.
2015 жылғы есеп бойынша зейнетақының орташа деңгейі Қазақстандағы номиналды орташа айлық кірістің 58%-ын құрайды. Соңғы он жылдағы есепке сәйкес, максимал өсім соңғы рет 2011 жылы тіркелген. Бұл уақытта зейнетақының орташа көлемі номиналды кірістің 60%-ын құрады.
Зейнетақының ең төменгі көрсеткіші Ресейде. Мұнда зейнетақы номиналды айлық кірісінің 40%-ын құрайды. Ресейде зейнетақы көлемі ең жоғарғы деңгейге 2010 жылы жетті (40,1%).
Жоғалған табысты алмастыру деңгейі елдегі орташа зейнетақы мен халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының сомасына қатынасы ретінде қарастырылады.
Сондай-ақ, ЕАЭО елдері арасында ең аз зейнеткерлер де Қазақстанда. Мысалы елімізде еңбекпен қамтылған 100 адамның 23-і зейнеткер. Ал зейнеткер саны көп мемлекет Ресей. Мұнда жұмыспен қамтылған 100 адамның 59-ы зейнеткер.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024