Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) қатысушы-елдерінің басшылары кезекті кездесуін 8 мамыр күні Мәскеуде өткізеді.
"Біз 8 мамыр күні Мәскеуде кездесеміз деп келістік. Владимир Владимирович жұмыстың көптігіне және күн тәртібінің ауқымдылығына қарамастан одақтың мемлекет басшыларының деңгейінде бүгін қозғалған мәселелердің шешімін талқылауға уақыт табуды уәде етті", - деді Беларусь президенті Александр Лукашенко Астанада Қазақстан және Ресей президенттерімен өткізген бірлескен брифинг барысында.
"Бірақ бұлай істеу үшін үкіметтер барлық нақты мәселелер бойынша кездесу өткізіп, нақты шешімдер қабылдауы тиіс. Бұл Қазақстан президентінің ұсынысы еді. Менің ойымша, біз осы уағдаластықты міндетті түрде орындауымыз қажет", - деп мәлімдеді ол.