Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕАЭО-та бірыңғай есеп-айырысу құралы пайда болуы мүмкін

ЕАЭО-та бірыңғай есеп-айырысу құралы пайда болуы мүмкін

Алматы. 27 шілде. 7kun.kz - Еуразиялық даму банкі Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне аймақтың бірыңғай қаржы бірлігін енгізуді ұсынды. Бұл туралы банкің баспасөз қызметі хабарлады.

Банктің ықпалдасуды зерттеу орталығының басшысы Евгений Винокуровтың айтуынша, ұсыныс ортақ ақша туралы емес, өзара есеп айырысуға қажетті құрал туралы. Бұл одақ елдерінде ғана пайдалануға жарамды. Қазір одақ елдерінің Ресеймен арадағы ақша операциялары рубльмен жүргізіледі. Алайда басқа елдермен қарым-қатынаста доллар пайдаланылады. «Ортақ есеп айырысу құралын енгізу бұл жағдайды өзгертетін еді. Біз бұл бағытта қаржылық реттеушілерге ұсынатын бірнеше құрал бар»,  - деді ол.

Похожие материалы