Алматы. 24 тамыз. 7kun.kz – 1 қыркүйектен бастап Кеден одағының нарығына сырттан әкелінетін автокөліктер үшін баж салығының жарнасы төмендейді, деп хабарлайды Еуразия экономикалық комиссиясының сайты.
1 қыркүйектен бастап жаңа көлікті әкелу үшін оның кедендік құнынан 17% жарна төлеу міндеттеледі. Осыдан бірнеше жыл бұрын ұқсас баж салығы 23%-ды құраған еді. 5-7 жылдан астам қолданыста болған көліктерді әкелу үшін баж салығының құны 22% болады.
2019 жылы көліктерді сырттан әкелуге салынатын баж салығының жарнасы 15%-ға дейін төмендеуі мүмкін.
Салықтың жаңа жарналары ЕАЭО аумағына түгел тарайды.
ЕАЭО Кеңесінің шешіміне сәйкес, көлік бажынан басқа өзге де тауарлардың 95-тен астам түріне салынатын тарифтердің құны төмендейтін болады.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024