Еуразиялық даму банкінің сарапшылары сыртқы мемлекеттік қарыздардың өсуіне байланысты Белоруссия экономикасына қауіп төнетінін айтты.
«Мемлекеттік қарыз 2014 жылы айтарлықтай жоғарылады – бұл кезеңде ағымдағы операциялар шотының елеулі тапшылықтарын қаржыландырудың негізгі көзі халықаралық қорларды азайту болды. Мемлекеттік қарыз құрамында қауіп көзі болып табылатын шетел валюталарында ұсынылған сыртқы қарыз басым»,-делінген ЕДБ макроэкономикалық шолуында.
Белоруссия Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2015 жылдың 1қаңтарында мемлекеттік қарыз 197,5 трлн белорусс рублін(25,4% ЖІӨ) құраған. Ал, сыртқы қарыз 12,6 млрд доллар (19,2% ІЖӨ). Оның алдыңғы жылы мемлекеттік қарыз ІЖӨ-нің 23,7%, сыртқы қарыз 18,2%-ына теңескен.
ЕДБ сарапшылары Ұлттық банктің халықаралық қорларының азаюына әсер еткен 2014 жылдың соңындағы елдегі сауда қызметінің құлдырауына назар аударып отыр. БҰБ халықаралық қорларының азаюы қаңтарда да жалғасты.
Қазіргі уақытта Белоруссия құны 2 млрд$ тұратын мемлекеттік облигацияларды «Мәскеулік биржада» орналастыру мүмкіндіктерін қарап жатыр. Одан бөлек, белорус елі ресейлік биліктен SDR-ге Ресей Банкінің қорынан 1 млрд$ немесе РФ үкіметінен 500 млн$ несие беруді сұрап отыр.
2015 жылы Белоруссия 4 млрд$ (3 млрд$-негізгі қарыз, 1 млрд$-оның қызметі) көлеміндегі мемлекеттік қарызды жабуы тиіс. Сыртқы қарызды жабу үшін мемлекет мұнай және мұнай өнімдері экспортынан түсетін баж салығын қолданбақшы, себебі ағымдағы жылы ол түгелдей белорусь бюджетіне түседі.
Республикалық бюджет бүгінгі жағдайға сай келмейтін мұнай бағасының барреліне 83$ бағамына негізделген.
Бұған дейін Белоруссия президенті Александр Лукашенко қажет болған жағдайда Ресей тарапымен қаржылық қолдау көрсету туралы келісімі бар екенін айтып өткен болатын. Артынша қаржы министрі Антон Силуанов президенттің сөзін нақтылап, керек жағдайда Ресей Белоруссияға қаржылық көмек беретінін айтты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024