Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) елдері бір-біріне ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдеріне шектеу қоймағаны жөн, оның орнына келісімді сауданы қадағалайтын және оны айқын ететін ақпараттық жүйе құруға тиіс деп есептейді Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау басқарамасының басшысы Сергей Данкверт.
«Сөз ЕЭО аясындағы елдер арасындағы тауар айналымын шектеу емес, керісінше ақпараттық жүйелер арқылы нарықты жақсарту туралы болып отыр», - деді Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау басқарамасының басшысы Сергей Данкверт. «Біз ЕЭО мүше елдерінің ветеринарлық орталықтары еркін кіре алатын on-line режимдегі жүйе құруды қолдаймыз. Мұндай мүмкіндік бізде бар, Ресей ауыл шарушылығын қадағалау басқармасының «Веста» жүйесінен біздің әріптестеріміз бәрін көре алады»-деді С.Данкверт. Бұл жүйе қауіпсіздікке нұқсан келтіретін заңсыз тауарларды жоюға көмектеседі. «Кейде әртүрлі түрдегі көліктің көптеген бөлігін құжатсыз әкеледі, бірақ электронды жүйесіз оларды қадағалап, тәртіпке келтіру мүмкін емес», -дейді Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау басқарамасының басшысы. Оған қоса ол: «ЕЭО аясында қажетті құжаттарсыз өткен тауарларды тәркілеп және алып келушілердің есебінен жойып жіберу туралы шешім қабылдау керек. Көлік құралдарын да тәркілеген жөн»,-деп атап өтті. Оған қоса С.Данкверт шектеудің тек ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздіктерге қатысты ғана мүмкін екенін мойындады. С.Данкверт рубльдің құнсыздануына байланысты қазақстандық нарыққа келетін Ресей өнімдерін шектеу туралы Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөздерге байланысты ештеңе білмейтіндігін айтты. Оған қоса: «Не үшін Қазақстанға Ресейден келетін тауарды шектеп, АҚШ-тан келетін тауарларды шектемеу керек?! Олар да ірі көлемде құс етін тасымалдайды»-деді. АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, 2014 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстанға АҚШ-тан 38,7 мың тонна бройлер еті тасымалданған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024