Егер мұнай бағасы барреліне 65 долларға дейін жоғарыласа, Американың қатпарлы мұнай өндірушілері жұмысқа дайын ұңғымаларды іске қосып, өндірісті тәулігіне шамамен 500 мың баррельге дейін арттыра алады деп болжам жасады Bloomberg Intelligence аналитиктері.
Сарапшылардың бағалауынша, АҚШ-тың мұнай-газ кен орындарында 4731 ұңғыма бар, олардың салынуы соңғы сатыға дейін жетіп қалған, содан соң мұнай бағасының төмендеуіне байланысты бұл ұңғымалардың жұмысы тоқтатылған болатын. Егер бағамдар барреліне 65 долларға дейін көтерілсе, компаниялар осы ұңғымаларға қайта оралып, өндірісті бастайды.
Атап айтқанда, жағымды жағдайлар орнаған жағдайда Техас пен Нью-Мексикодағы Permian кен орнындағы 1540 ұңғыма қысқа мерзім ішінде жұмыстарын бастап кете алады, Техастағы Eagle Ford кен орнында осындай 1250 ұңғыма бар, Солтүстік Дакотадағы Bakken кен орнында - 632.
"Тоқтап тұрған ұңғымалардағы жұмыс басталған кезде, нарыққа бағамға мұнай жеткізілімінің өсімін қоса есептеуге тура келеді. Бұл мұнай бағасының өсімін шектеуші фактор болуы мүмкін", - деп мәлімдеді Bloomberg Intelligence аналитигі Эндрю Косгроув.
Қазір мұнайдың бағасы қандай екенін мына жерден көре аласыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024