Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – ЕХРО тұрғын үй кварталындағы пәтерлер бастапқы 20% жарнасымен 12 жылға сатылады, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.
"Осы пәтерлердің иесі болып табылатын меншік иесі «Бәйтерек девелопмент» компаниясы бұл пәтерлерді ашық сатуға қойды. Әрине, пәтерлердің құны айтарлықтай жоғары болғандықтан, адам келіп, жаппай көлемде тікелей сауда, бір жолғы есеп айырысуы мүмкін емес. Қазір «Бәйтерек девелопмент» аталған пәтерлерді сату бойынша өз тетіктерін қайта қарады. Жақын арада брифинг болады, егер қандай да бір өзгеріс болмаса, олар алдын ала өз сандарын айтты, өйткені сату тетігі қандай болатындығын басқарма шешеді, олар алдын ала 3%-да 12 жылға 20%-дық бастапқы жарнасымен екендігін айтты. Яғни, олар 7-20-25 бағдарламасына сәйкестендірді - бастапқы жарна 20%", -деді Қайырбек Өскенбаев. Айта кетейік, 16 қаңтарда "Бәйтерек девелопмент" АҚ Астана қаласындағы ЕХРО тұрғын үй кварталындағы жылжымайтын мүлікті сатып алуға өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтататынын хабарлады. "2019 жылғы 16 қаңтардан бастап сағат 13: 00-де тікелей сату және ипотекалық банктердің тетігі бойынша ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аумағында орналасқан тұрғын үй кварталында пәтер сатып алуға өтініштер қабылдау тоқтатылды. Жылжымайтын мүлікке деген сұранысты және халықтың төлем қабілеттілігін ескере отырып, жақын арада таныстыруды жоспарлаған тұрғын үйді сатудың қосымша тетігін әзірлеп жатырмыз", - деді "Бәйтерек девелопмент" Басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев. Төраға орынбасарының айтуынша, 16 қаңтарға дейін Digital Baiterek порталы арқылы түскен өтінімдер бұрынғы шарттар бойынша қарастырылады. Компания 2018 жылдың 1 маусымынан бастап бір, екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлерді сатуға шығарды. Digital Baiterek онлайн-платформасы арқылы барлығы 1 547 өтінім түсті.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024