Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Эйр Астана" Орта Азия мен Үндістандағы үздік әуекомпания атанды

"Эйр Астана" Орта Азия мен Үндістандағы үздік әуекомпания атанды

"Эйр Астана" әуекомпаниясы Skytrax World Airline Awards сыйлығының "Орталық Азияда және Үндістандағы ең үздік әуекомпания" және "Орталық Азия және Үндістандағы ең үздік борт қызметі" номинациясын жеңіп алды. Марапаттау рәсімі Ұлыбританияда өтті. 

Skytrax сыйлығы жыл сайын жолаушылардың пікірі бойынша беріледі және халықаралық дәрежедегі беделді марапаттың бірі. 200 әуекомпания қатысатын зерттеу 10 айға созылады. Сауалнама жолаушыларды кездейсоқ таңдау және Skytrax-тың сайты арқылы онлайн жүргізіледі. Әуекомпания сервис элементтерінің кең таралуы, сайтындағы ақпараттың толық берілуі, тіркеу жылдамдағы, ас мәзірі, орындардың жайлылығы, борттағы қызмет деңгейі деген пунктілер бойынша тексеріледі. 2016 жылдың мамырында "Эйр Астана" 14 жылдығын атап өтті. 12 жыл ішінде әуе тасымалдаушының табысы рекордты деңгейге жетіп, Грузияға, Оңтүстік Кореяға жаңа бағыттар енгізілді.

Похожие материалы