Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Екі ағайынды бала лимонад сатып, пәтерлі болды

Екі ағайынды бала лимонад сатып, пәтерлі болды

Алматы. 27 тамыз. 7kun.kz – Хьстондық Дэвид пен Зак Тэннерлер лимонад сатып, пәтер алатын ақша жиған. Бұл туралы life.ru басылымы жазады.

Екі ағайынды бала осыдан 7 жыл бұрын үйлерінің маңында лимонад сата бастаған. Бірі үште, бірі бестегі балалардың бизнесі табысты болғаны соншалық олар күніне жүз долларға жуық табыс таба бастапты.

Кейін әкелерінің кеңесімен табыстарына акция стып ала бастаған. Кейінірек акцияларды 450 пәтерлік үй салып жатқан компанияға салған. Енді ағайындыларға пәтердің бірі тиеселі болмақ.

Кішкентай бизнесмендердің әкесі балаларға тек идея ұсынғаны болмаса, қаржы салмағанын айтады.

Сонымен қатар балалардың өздерінде тапқан табыстарын ойыншық, тәттіге жұмсайтын «балалық қасиет» болмапты.

Қазір ағайындылар Сидней қаласында «Бай әке, кедей әке» кітабының авторы Роберт Кийосакиге қонаққа жүр екен.

«Бізге табыс тауып, қажетті іске салған ұнайды. 18 жаста тәуелсіз болып, ата-анамның қасынан кеткім келеді», дейді Зак Тэннер.

Ал, Дэвид болса «инвестициялау ұнайды» дейді. «Бұл толық қаржылық тәуелсіздікке жетелейді. «Жұмыс істеместен» ақша табу –тамаша ғой», дейді ол.

Похожие материалы