Екі миллионнан астам балалы отбасы мемлекеттен жәрдемақы мен төлемдер алады
Астана. 27 желтоқсан. 7kun.kz – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Балалар жылы аясында балалы отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, балалары бар отбасылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау елдің мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі.
«Қазақстанда бюджеттен төленетін балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақылардың бес түрі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің екі түрі бар. Бүгінгі таңда балалары бар екі миллионнан астам отбасы жәрдемақы мен төлем алушылар санатына жатады. 2022 жылы мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің барлық мөлшері 9%-ға, яғни бірінші қаңтардан 5%-ға, бірінші сәуірден бастап тағы 4%-ға индекстеледі», – деді вице-министр.
Оның айтуынша, алдағы жылдан бастап бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды.
Сондай-ақ министр 2022 жылы балалары бар отбасыларға 867 миллиард теңге төленгенін, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,5%-ға артық екенін айтты. Ал 2023 жылы осы мақсаттарға 1,2 триллион теңге бөлу жоспарлануда. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 653 миллиард теңге, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан – 574 миллиард теңге.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024