Экономика
Екібастұз әкімі өз орынбасарының жемқорлық қылмысынан кейін отставкаға кетті
Павлодар облысы. 8 тамыз. 7kun.kz – Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметінен кетті. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол өзінің қол астындағы қызметкері, қала әкімінің экс-орынбасары Бауыржан Ахметовке қатысты сот үкімі күшіне енгеннен кейін отставкаға кету туралы арыз жазды.
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов оның арызын қабылдап, 2022 жылғы 8 тамызда оны қызметінен босатты.
Айта кетейік, Ардақ Қаңтарбаев 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Екібастұз қаласының әкімі болып жұмыс істеген еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024