Павлодар облысы. 6 желтоқсан. 7kun.kz – Екібастұзда гараждардың бірінен жергілікті ЖЭО учаскесінің бастығы өлі күйінде табылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Екібастұз жылу орталығы учаскесінің 33 жастағы басшысы ВАЗ-21099 автокөлігінің салонында зорлық-зомбылық белгілерінсіз, гараждардың бірінде табылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.
Pavlodarnews.kz жазуынша, болжам бойынша, ер адам әйелімен болған жанжалдан соң гаражға кетіп, сонда тұрған көлігін оталдырған. Кейін ол ұйықтап, газдан уланып қалған болуы мүмкін.
«Екібастұз жылу энергиясы» баспасөз қызметі Pavlodarnews.kz тілшісіне қызметкердің қайтыс болғанын растады.
Ал Екібастұз полиция басқармасы бұл дерек тіркелгенін және ол бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024