Барлығы мемлекеттің ұстанымына байланысты екені рас. АҚШ-тың Әділет министрлігі экологтардың BP мұнай компаниясына қойған талаптарына нүкте қойды. Мұнайшылар АҚШ жағалауына төккен мұнай үшін 21 млрд доллар айыппұл төлейді.
Алайда BP компаниясының барлық талапты өтеу мен экологияны қалпына келтірудегі шығыны 57 млрд долларды құрады. Оның 36 млрд доллары төленді. BP компаниясы айыппұлды өтеу үшін активтерін 45 млрд долларға сатуға мәжбүр болды. Бұл TNK -BP-ны 26 млрд доллар жеңілдікке бергенін есептемегенде.
Ал 10 күн бұрын АҚШ Әділет министрлігі 18 млрд доллар көлемінде жаңа айыппұл салды. Бұл - VW автокөліктерінің пайдаланған газдың шығаруына ғана тағылған айып.
Америкалықтарға тек қызғанышпен қарауға болады! Олар қатаң заңдары мен экологиялық талаптарының арқасында байып қана қоймай, қателіктері үшін сабақ та береді.
Қызық, егер Протон гептилімен АҚШ-та құлаған болса, олар қанша көлемде біздің көршілерден айыппұл сұрайтын еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024