Экономика
Экономикалық зерттеулер институтының басшысы ауысты
Әсет Ирғалиев ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы мемлекеттік органның баспасөз қызметі хабарлады.
Әсет Ирғалиев Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтының (КИМЭП) мемлекеттік саясат экономика саласында бакалавр дәрежесінде үздік тәмәмдады (Алматы, Қазақстан). Халықаралық Йонкопинг бизнес мектебін халықаралық экономика саласында ғылым бакалавры дәрежесімен (Jönköping University, Швеция), Йорк университетін экономикадағы ғылым магистрі дәрежесімен (University of York, Ұлыбритания), Ноттингем университетін экономикадағы философия магистрі дәрежесімен (The University of Nottingham, Ұлыбритания) аяқтады.
Әсет Ирғалиев Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің PhD докторы дәрежесін иемденген (Лондон, Ұлыбритания).
Еңбек жолын Лондондағы Еуропалық даму және қайта құру банкінің (ЕДҚБ) Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия бойынша экономика департаментінің аумақтық экономисі ретінде бастаған.
2014 жылдың маусым айынан бастап ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ бұдан бұрын басқарған Мақсат Мұханов институттың бас экономисті лауазымына тағайындалды.
Фото: primeminister.kz