Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Экономиканы долларсыздандыру бойынша жоспар дайындалды

Экономиканы долларсыздандыру бойынша жоспар дайындалды

Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банк 2015-2016 жылдары экономиканы долларсыздандыру туралы жоспар дайындады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде парламент мәжілісінің депутаты Серік Оспанов мәлімдеді.

Оның сөзінше, жоспар үш бағытта жүргізіледі. Біріншіден, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталады.  Инфляцияны төмендету, экономиканы диверсификациялау, импорт алмастыруды дамыту үшін шаралар қабылданбақ. Екінші бағыт - қолма-қол ақшасыз төлем мен көлеңкелі айналымды азайту.

"Бұл жердегі  ұлттық валютаны нығайту мәселесі маңызды. Бүгін әлемнің барша елінде қолма-қол ақшасыз төлем көлемі ұлғайып, жаңа төлем жүйелері ашылуда. БАҚ-тың соңғы мәліметі бойынша, мониторинг агенттігі төлем карталарының жылдық айналымы 15 пайызға өскенде қолма-қол ақшасыз төлемнің 4 пайызға азайғанын анықтаған. Қолма-қол ақшаны алу барлық ақша айналымының 90%-ын құрайды. Біздің азаматтарымыз картаны тек қолма-қол ақшаны алу үшін ғана пайдаланады", - дейді мәжілісмен.

"Біз төлем терминалдары мен сервис-сауда пункттерін орнату үшін қажетті заңдық актілердің бар екенін білеміз. Үкімет қажетті деңгейде ол терминалдардың сатып алуын қамтамасыз ете алмаған соң, бұл шаралар кәсіпкерлер үшін уақытшы ысырылып қалды. Енді осыған байланысты үкімет пен Ұлттық банкке өте маңызды жұмыс істеуі қажет",-деп мәлімдеді ол.

Үшінші бағыт ретінде ұлттық валютаның басымдылығын арттыру мәселесі қарастырылып отыр.

«Қазір тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін шетелдік валютада көрсетуге тыйым салынды, депозиттердің сақтандыру сомасы 5 млн-нан 10 млн-ға дейін ұлғайды. Сондай-ақ, шетелдік валютадағы депозиттердің жылдық бәсі 3 пайызға дейін төмендеді. Өткен жылы проблемалы несиелер үшін 250 млн теңге бөлінді, олардың барлығы нашар несиелер сұрақтарын шешу үшін банк сферасына бөлініп берілуі қажет еді. Осы жылы игеріліп болды деп ойлаймын",-деп атап өтті ол.

Похожие материалы