Наурыз айында көрме ұйымдастырушылары Астанаға танымал «Цирк дю Солей» келетінін хабарлаған. Цирк арнайы эксклюзивті бағдарламамен шығады. Ұлттық компания өкілдері бұған кететін шығынды айтудан бас тартты. 2017 жылы 12 қаңтарда шығарылған салық комитетінің шешімі бойынша, «Астана ЭКСПО-2017» қызметтері мен тауарларына жұмсалатын қаржы көлемі 3,086 млрд теңге болған. Алайда, 2017 жылы 17 наурызда компания басшылығы арнайы шаралар үшін 4,044 млрд теңге бөлінетінін айтты.
Ал, қойылымар мен концерттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін салық төлеушілерден 1,224 млрд теңге жиналды.
Көрменің ашылу және жабылу салтанатына 8,044 млрд теңге бөлінеді. Ал салтанаттың концерттік бөліміне жеке қаражат қарастырылған. Одан бөлек, шетелдік шоумендерге қызметі үшін 3,365 млрд теңге төленеді.
Күнделікті парадтар мен мультимедиялық от-шашулар шоуына кететін шығын 6,240 млрд теңге.
Д. И. Петрухиннің жетекшілігіндегі авто-мотожарысқа қатысушы байкерлерге 32,7 млн теңге бөлінді.
Бұл тізімге ашық сахнаны жалға алу (3 млрд теңге), балалар ойын-сауық саябағын ұйымдастыру (2,744 млрд теңге) және басқа да қызметтерді (21,5 млрд теңге) қосуға болады.
ЭКСПО-2017 мәдени - ойын-сауық бағдарламаларды техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін 2,486 млрд теңге жұмсалады. Одан бөлек, жалпы концерттік және парадтық жобалардың бюджеті 21,5 млрд теңге болды.
«Цирк дю Солей» циркінің өнер көрсетуіне жұмсалатын қаржыны қосқанда, жалпы шығын 25,5 млрд теңгені құрады.
Бұл мысалы, 2017 жылы республикалық бюджетте қауіпсіздік пен коррупциямен күрес шараларына бөлінген қаражаттан да асып түседі. Ал минералды-шикізат базасын кеңейтуге бөлінген қаражаттан 2,5 есе көп.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024