ЭКСПО-2017 құрылыс алаңында 3,5 мың адам жұмыс істеп жүр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Астана ЭКСПО 2017» компаниясының басқарма басшысы Талғат Ермегияев мәлімдеді.
"Қазір құрылыс алаңында 3,5 мың адам жұмыс істеп жүр. Келесі жылы бұл цифр 10 мыңға дейін немесе 15 мыңға дейін көбеюі мүмкін. Негізгі құрам жергілікті халықтан алынды. Басқа құрамда арнайы тартылған мамандар бар, олар - жеңілдіктер таралмайтын маман-инженерлер", -деп түсіндірді Талғат Ермегияев.
Компания басшысының атап өтуінше, құрылыстың күрделілігіне байланысты шетелден мамандар тарту қажет.
"Оларда қосалқы мердігерлікте жұмыс істейтін құрылыс компаниялары жоқ. Ал біз бас мердігерлер бойынша есеп жүргіземіз. Шетелдегі құрылыстарда жергілікті халықтың 60-70 пайызы жұмыс істейді", - деп атап өтті ол.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024