Астана. 11 қыркүйек. 7kun.kz — Президент «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің жабылу салтанатында ЭКСПО инфрақұрылымын көрмеден кейін пайдалану жоспарын айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Нұр Әлем» ұлттық павильоны мен тағы да бірқатар павильондар "ЭКСПО мұрасы" ретінде сақталады. Көрменің аяқталуы бірнеше ауқымды жаңа жобаларды бастауға мүмкіндік береді. Ең алдымен, мұнда "Астана" халықаралық қаржы орталығы орналасады. Ол қаржы хабына, инвестиция тартатын орталыққа айналып, халықаралық қаржы жүйесінде лайықты орынға ие болуға тиіс. "ЭКСПО" көрме кешені толығымен инновациялық және орнықты дамудың мақсаттарына одан әрі қызмет ететін болады", – деді президент.
Айта кетейік, көрме аумағындағы павильондар жұмысын аяқтады. Көрмеге үш айдың ішінде шамамен 4 миллионға жуық адам келген.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024