Халықаралық "Жасыл көпір" конференциясында "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ-ның маркетинг және демеушілік департаменті директорының орынбасары Айгүл Мүкей көрмеге қатысатынын 50-ден астам ел мен 11 халықаралық ұйым нақтылағандығын хабарлады. Алайда мәжіліс депутаты Айдын Қоңыров әлемдік қауымдастық тарапынан ЭКСПО-ға деген қызығушылық күмәнді деп есептейді.
"ЭКСПО қатысушыларын жинау керек деген қиын жол енді басталды. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының маркетинг және демеушілік департаментінің қалай жұмыс істейтінін уақыт көрсетеді. Миландағы көрмеге 145 ел қатысты. Онымен салыстырғанда біздің 100 ел, 10 беделді халықаралық ұйым, инновация саласындағы 10-ға жуық көшбасшы компания қатысады деген жоспарымыз күмән тудырады. Барлығы 2 млн адам келуі керек, оның 85 пайызы - қазақстандықтар. Бұл да жоба өз-өзін ақтап алады дегенге себеп бола алмайды. Немістердің өздері Ганновердегі ЭКСПО-дан бар болғаны 18 млн ғана алды. Біздегі халық тығыздығы, қызмет көрсету және инфрақұрылым жабдықталуын ескерсек, қауіп өсе түседі",- деп есептейді Айдын Қоңыров.
Сондай-ақ ол көрменің 3 ай уақыт деген мерзіміне де сенімсіздік білдірді. "Алдымызда үлкен мақсат тұр және ЭКСПО-2017 көрмесіне артылған үміттің орындалғанын қалаймыз. Қазақстан А классындағы көрме алаңдары мен үлкен шаралар өткізудегі тәжірибеге ие болады. Осыдан кейін кез-келген халықаралық және аймақтық көрмелерді өткізуге болады", - деп атап өтті депутат.
Қазақстан Блогерлер альянсының президенті Ғалым Байтұқ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің ықпалы арқылы ЭКСПО-ға қатысатын елдер саны көбейе түседі деп сенеді. "Миландық ЭКСПО тәрізді 147 ел қатыспаса да, 100-ге жуық мемлекет келуі мүмкін. Президент тапсырмасына дейін Гондурас, КХДР, Нуру, Вануату, Сенегал, Либерия, Гамбия, Габон, Сьера-Леоне болатын. Мақтануға болады. Бауырлас елдер! Енді алғашқы отыздықтағылар да қосылуы мүмкін", - дейді ол. Ол қатысушы-елдердің қайсысы өз павильонының құрылысын бастағандығына қызығушылық білдірді. "Егер Миландағы ЭКСПО-мен салыстырсақ, ол жерде 100-ден астам мемлекет өз павильондарын салды. Ал бізде? Әзірге қандай-да бір мемлекет өз павильонының құрылысын бастайды дегенді естімедік. Тым болмағанда, Миландағы біздің 17 млн еуролық павильон тәрізді ғимарат туралы да айтылған жоқ", деді Блогерлер альянсының президенті. Халықаралық "Астана ЭКСПО-2017" көрмесі 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында "Болашақ энергиясы" атты ұранмен өтеді. Фото:voxpopuli.kzПохожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024