Астана. 19 маусым. 7kun.kz - Әлемге әйгілі «Foreign Policy» басылымының журналисі Джеймс Палмер Астанаға келмеді, ЭКСПО көрмесін өз көзімен көрген де жоқ. Соған қарамастан, көрмені жамандап жазған, деп xабарлайды inform.kz.
«Біз ол журналистің бар екенін анықтадық. Британдық Джеймс Палмер бірнеше басылымға Орталық Азия мен Қытай туралы жазады екен. Алайда ЭКСПО-2017 көрмесінде ондай журналист тіркелген жоқ. Ол - бір. Екіншіден, Джеймс Палмер деген кісі Қазақстан шекарасын кесіп өтпеді. Демек, Палмер мырза өз материалын өзге біреудің пікіріне сүйеніп жазған, я болмаса, репортажын тапсырыс бойынша шығарған», - деді «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс департаменті директоры Сергей Куянов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Оның айтуынша, шетелдік журналист өз материалында көп фактілерді бұрмалап көрсеткен. Мәселен, көрме құрылысына кеткен ақшаның жалпы соммасы 5 млрд доллар емес, 1,3 млрд долларды кұрайды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024