Алматы. 3 шілде. 7kun.kz — Қазақстанда 2019 жылдың мамыр айының соңында айналымдағы төлем карталарының саны 25,1 млн дананы құрап, бір жыл ішінде олардың саны 20,8%-ға артты, деп хабарлайды Ranking.
2018 жылдың осы кезеңінде карталар саны 20,8 млн бірлікке тең болды.
Нарықтың ең көп бөлігін дәстүрлі түрде дебеттік карталар алады - 18,9 млн бірлік, үлесі 75,3%-ды құрайды. Кредиттік карталардың үлесі 20,8% - 5,2 млн бірлікке тең. Қалған 3,9% үлес несие лимиті бар дебеттік карталарға және алдын ала төленген карталарға тиесілі.
Карта ұстаушылардың саны жыл ішінде 20,2%-ға артып, 21,8 млн-ға жетті.
Бұдан басқа, 2019 жылдың бес айында қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 3,7 трлн теңге болды.
Қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша көшбасшылықты Алматы ұстап тұр - 2,6 трлн теңге (68%-дан астам). Екінші орында Нұр-Сұлтан - 321,6 млрд теңге (8,6%), одан әрі Алматы облысы - 186,9 млрд теңге — елдегі қолма-қол ақшасыз төлемдердің жалпы көлемінің 5%-ы тиесілі.
Сондай-ақ, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында қолма-қол ақшасыз төлемдер неғұрлым танымал. Олардың жалпы үлесі 1,7%-ды құрады.
Қазақстан Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бұған дейін қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ынталандыру - ел экономикасын дамытудың басым бағыттарының бірі, сондай-ақ салық базасын кеңейту және салық төлемдерін төлеу процесін жеңілдету екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, Дәленовтың айтуынша, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша қолма-қол ақшасыз төлемді таңдаған азаматтарды ынталандыру мәселесі пысықталады. Сауда желілерінде картамен төлейтіндер мемлекеттен өзінің салық әмиянына бонустар алуы мүмкін. Ол арқылы басқа салықтарды төлеуге немесе тауарларды сатып алуға болады. Бұл күрделі мәселе банктермен өзара іс-қимылды талап етеді. Ұсыныстар 2020 жылы қарастырылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024