Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz – Қазақстандықтар күн сайын онлайн-сатып алуға 8,6 млрд теңге жұмсайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, - деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, банк карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз операциялар саны екі есеге өсіп, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 6,4 трлн теңгені құрады.
«Интернет және мобильді банкинг арқылы халықтың қолма-қол ақшасыз транзакциясының көлемі үш есеге өсті. Күн сайын осы сандық арналар арқылы 8,6 млрд теңге сомаға 500 мың операция жүргізілді», – деп атап өтті ол.
«Бұл ретте қолма – қол ақшасыз төлеу мүмкіндігін кеңейту үшін Ұлттық банк Suńqar ұялы телефон нөмірі бойынша жедел төлемдер жүйесін іске қосты», - деп еске салды Ақышев.
«Қазіргі уақытта бұл қызметті үш банк ұсынады, сондай-ақ екінші деңгейлі басқа банктерді кезең-кезеңмен қосу күтілуде», - деп түйіндеді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024