Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ел тұрғындарының несиелік қарыздары 7 трлн теңгеге жетті

Ел тұрғындарының несиелік қарыздары 7 трлн теңгеге жетті

Алматы. 22 қараша. 7kun.kz — 2019 жылғы қазан (III тоқсан) қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың несиелері бойынша жиынтық несиелік берешек 7 трлн теңгеге жетті. Өткен тоқсанмен салыстырғанда 7,4%-ға, 500 млрд теңгеге ұлғайған. Бұл туралы Орталық Бірінші кредиттік бюроның баспасөз қызметінен хабарлады.

Жыл басымен салыстырғанда нарық 16%-ға өсті. Несиелік келісім-шарттар саны да өсіп жатыр және қазіргі таңда 13 млн доллардан асты.

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ипотекалық несиелендіру портфель құрылымының 26,3%-ын, кепілсіз тұтынушылық несиелер 53,2%-ын құрады, кепілге қойылатын талаптар үлесі төмендеуін жалғастырды (11,3%-дан 10,3%-ға дейін). Автокөлік несиелері жалпы портфельдің 7,4%-ын, несие карталары - 2,8%-ды құрады.

Қаңтар-қыркүйек айларында ЕДБ-нің жалпы көлемдегі үлесі 95%-дан асты, қалған 5%-ы - МҚҰ, онлайн-несиелік серіктестіктер және басқаларына тиесілі болды.

"Тұтыну несиелері нарығын одан әрі дамыту МҚҰ-ның жаңа реттеу шарттарымен және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін борыштық жүктемені есептеуге қойылатын талаптармен анықталатын болады", - деп түсіндірді БКБ.

Похожие материалы