Экономика
Елбасы: Еуроаймақтағы жұмыссыздық 11,5%-ды құрайды
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде жұмыссыздар саны 43 миллионды құрайды, ал 850 миллион адам аштықтан зардап шегіп отыр деді Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Еуроаймақтағы жұмыссыздық 11,5%-ды құрайды. Көрдіңіздер ме?! Бүкіл әлемде осындай жағдай, ал біз сол әлемнің бір бөлігі болғандықтан Қазақстанға да әсер етпей қоймайды. Бұны біз сезініп те жатырмыз», - деп түсіндірді мемелекет басшысы.
Оның айтуынша, әлемдік дағдарыс пен жаһандық саяси жағдайларға қарамастан Қазақстан 2014 жылды жағымды көрсеткіштермен қорытындылады.
«Менің тапсырмам бойынша дағдарысқа қарсы шаралар қолдану шешімі қабылданды. Өткен жылы біздің елімізді толықтай қолдайтын халықаралық қаржы ұйымдарымен құны 8 миллиард теңгеден астам шектелмелі келісім жасалды.Мемлекеттік басқару жүйесінің кең көлемді реформасы жүргізілді», - деді Н.Назарбаев.