Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz- ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышевтың айтуынша, Қазақстанда тазартылған алтынды сату және сатып алу іске қосылды деп хабарлайды Sputnik.kz сайты
Бағдарламадағы алтын құймалары төрт түрде ұсынылған: 10,20,50 және 100 граммдық. 10 граммдық құйма арнайы күрең түсті қаптамамен қапталған. 20 граммдық алтын құйма жасыл, 50 граммдық көгілдір, 100 граммдық алтын құймалар алтын түстес қаптамамен қапталған.
10 грамдық құйма — 127 мың теңге, 20 грамдық құйма — 254 мың теңге, 50 грамдық құйма — 635 мың теңге, 100 грамдық құйма — 1270 мың теңге.
"Алтын құймаларды сатып алуда әлемдік нарықтағы алтын құны және ұлттық валюта бағамының өзгеруіне байланысты тәуекелдер бар. Алтын қымбаттап немесе арзандап кетуі де мүмкін. Сол себепті азаматтар инвестициялық шешімдерді өз беттерімін қабылдауы тиіс", — деп ескертті Ұлттық банк төрағасы
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024