Қостанай. 11 қыркүйек. 7kun.kz - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына жаңа әкім тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Президент жарлығымен Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды",- делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
А. Мұхамбетов Самара мемлекеттік техникалық университетінің инженер-электрик мамандығын бітірген. 2011 жылдың 22-шілдесінен 2015 жылдың 11-қыркүйегіне дейін Ақтөбе облысының әкімі болып қызмет атқарды.
2006 жылдан 2008 жылдың қазанына дейін Ақтөбе әкімінің орынбасары болып қызмет істеген. Шенеунік тұрғын үй-коммунал қызметіне, қаланы ұзақ мерзімді энергетикалық және газбен жабдықтауға, телекоммуникациялық жүйелерді оңтайландыруға және жер шаруашылығы мен ауыл шаруашылығына жауапты болған еді. 2008 жылдың қазан айынан 2011 жылдың 22 шілде аралығында Ақтөбе әкімі болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024