Алматы. 3 қазан. 7kun.kz – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясының кезектен тыс XXV съезінің қатысушыларына құттықтау лебізін жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.
Өз сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан қоғамындағы кәсіподақ қозғалысының үлкен беделін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде қазақстандық кәсіподақ ұйымдары еңбеккерлер құқықтарын табысты қорғап, еңбек жағдайы мен қауіпсіздікті жақсартып келеді.
Кәсіподақтар 2,8 млн қазақстандықтың жұмыс орнын сақтап қалуға ықпал еткен.
Сонымен бірге, съезге қатысушылары алдында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мен Халықаралық еңбек ұйымының Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Талғат Өміржанов сөз сөйледі.
Жалпы ҚР Кәсіподақтар федерациясы съезінің жұмысына Қазақстанның барлық өңірлеріндегі салалық кәсіподақ ұйымдары атынан 200-ден астам делегат қатысуда.