Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елданаға көмек керек

Елданаға көмек керек

Ернарқызы Елдана. Нақты диагнозы - вирусты энцефалит. Қазіргі таңда Қытайдың Үрімші қаласында ем алып жатыр.

"Мына бүлдіршін таныс бір бауыр Ернардыңқызы Елдана. Ол бар болғаны екі жасқа енді толды. Денсаулығы аяқ-асты сыр беріп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Миында ісік бар екен. Нақты диагнозы - вирусты энцефалит. Емделу үшін $20 000-ға алғашқы отасы жасалды дейді. Қазіргі таңда ол Қытайдың Үрімші қаласында ем алуда. Қазіргі таңда тағы осындай көлемде қаражат қажет көрінеді. Қолда бар құжатты жазбамен бірге салып отырмын. Əрқайсысымыз бала өсіріп отырмыз ғой. Қолдан келсе көмектеріңізді аямаңыздар. Алладан қайтсын! Құдай сəбидің дертіне шипа берсін! Толығырақ Медеу бауырдан біле аласыздар. Телефоны: +77012560000"

Ертай Нүсіпжановтың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Редакциядан

Құрметті оқырман!

Әртүрлі ресурстарда  емделу үшін немесе жағдайы төмен отбасыларға көмектесуді  сұраған ақпараттарды жиі көреміз.

Біздің редакциямызға да ондай хаттар жиі келеді.

Мұқтаж жандарға ақпараттық тұрғыдан көмектесу және көмекке мұқтаж  жандарды  бір ресурсқа топтастыру мақсатымен осы айдарды ашуды жөн деп санадық.

Егер әлеуметтік желі, сайттардан көмек сұраған хабарландыру көрсеңіз немесе өзіңіз мұқтаж болсаңыз толық мәліметтерді  (сурет, не үшін қажеттігін көрсетіп, қаражат аударуға қажетті реквизиттерді, байланыс мәліметтері) көрсетіп  info@7kun.kz почтасына немесе +7 700 973 83 77 нөміріне whatsapp арқылы жіберуді сұраймыз.

Қазіргі кезде шын мұқтаждардан бөлек, түрлі алаяқтық оқиғалар көбейгендіктен мәліметтер редакция тарапынан тексеріліп барып жарияланады.

Мәлімет сайтпен қатар әлеуметтік желідегі парақшаларға да салынады.

Әлеуметтік жобалармен айналысатын түрлі компанияларға жіберіледі.

Редакция қаржылай көмек көрсетпейді. Сіздің ақпаратыңызды ары қарай тарату үшін жариялайды. Редакция қайырымды жандардың қаражатын қабылдамайды. Мұқтаж адамға көмекті көмек сұраған адамдардың реквизитіне тікелей жіберуіңізді сұраймыз.

Редакция мұқтаж жандар туралы қосымша ақпарат бермейді. Қосымша ақпаратты көрсетілген байланыс нөміріне тікелей жіберуіңізді сұрайды. Редакция әлеуметтік желідегі көмек сұраған хабарландыруларды тексеріп, көшіріп басады.

Егер ол хабарландыру маңызын жойса, көмек қажет емес болса, сайттағы ақпарат қате болса info@7kun.kz почтасына немесе +7 700 973 83 77 нөміріне whatsapp арқылы ескертуді сұраймыз.

Похожие материалы