Алматы. 31 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың І жартыжылдығында қызмет көрсету, спорт, өнер, кино және шоу-бизнес өндірісінің нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда теріс аймаққа кірді. Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет 7,1%-ға, кино және аудиожазбалар индустриясы - 6%-ға қысқарып, шоу-бизнес тоқырау деңгейінде қалды - минус 0,2%. Мұндай мәліметтерді energyprom.kz ұсынды.
Айта кетейік, 2018 жылы кинематограф және дыбыс жазу секторы 41,8%-ға, шоу-бизнес 14,5%-ға өсті. 2017 жылы көрсеткіштер жоғары оптимизм аймағында болды. Кинематограф бір жарым есе, шоу-бизнес — 26,5%-ға, спорт — 20,9%-ға өсті.
Ақшалай түрде көрсетілген қызметтер көлемінің құрылымында шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы мемлекеттік компаниялардың үлесі 59%-ды, спорт, демалыс және ойын-сауық саласындағы мемлекеттік сектордың үлесі 44,2%-ды құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024