Алматы. 8 қазан. 7kun.kz — Қазақстандағы компьютерлік ойындарды жасаушылар 2019 жылғы қаңтар-маусымда кірістерін 41,7 миллион теңгеге дейін ұлғайтты. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлайды.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметі бойынша, баспа қызметінің көлемі 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында 17,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,3%-ға аз. Нақты көлем индексі 2018 жылғы қаңтар–маусымға 81,2%-ды құрады.
Жалпы, 2018 жылы қызметтер көлемі 48,8 млрд теңгені құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 3,8 млрд теңгеге аз.
ҚР өңірлері арасында баспа қызметінің ең үлкен көлемі Алматы (6,2 млрд теңге) және Нұр-Сұлтанға (4,3 млрд теңге) тиесілі: тиісінше 21,7% және 24,9%. Үшінші орынға Атырау облысы ие болды: 939,7 млн теңге, бір жыл ішінде өсім 34,9%-ды құрады — бұл ҚР өңірлері арасындағы ең жоғары өсім.
Баспа қызметтерінің жалпы көлемінің жартысына жуығы газет шығаруға тиесілі: 8,2 млрд теңге — 2018 жылдың қаңтар–маусымына қарағанда 1,3%-ға аз. Журналдар мен мерзімді басылымдарды шығаруға 2,4 млрд теңге кетті, жыл ішінде 1,5%-ға өсті. Кітап шығару қызметі 39,4%-ға, 1,2 млрд теңгеге дейін қысқарды. Бұл салада компьютерлік ойындарды құру бойынша қызмет көрсету максималды өсім көрсетті: 61,4%-ға, 41,7 млн теңгеге дейін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024