Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Электр энергиясының бағасы арзандайды

Электр энергиясының бағасы арзандайды

Ұлттық экономика министрлігі электр энергиясының бағасын төмендету бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

"Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің аймақтық департаменттері "KEGOC" АҚ, аймақтық энергетикалық компаниялардың, энергияжеткізу ұйымдарының, және энергиямен қамтамсыздандыратын мекемелердің тарифтерін қайта қарастыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр", - деп көрсетілген хабарламада.

Бағаны төмендету бойынша жұмыстар екі кезеңнен тұрады: алғашқы сатыда "Екібастұз МАЭС-1" ЖШС бағасын 1кВсғ 8,80 теңгеден 8,65 теңгеге дейін арзандату (ҚҚС-сыз) арқылы электрмен қамтамасыздандыру мекемелерінің соңғы ұсынатын бағасын төмендету жоспарланған. Осыдан кейін "KEGOC" АҚ, аймақтық энергетикалық компаниялардың, энергияжеткізу ұйымдарының тарифтері бойынша баға түсіріледі.

"Сәуір айында-ақ наурыз айы үшін келетін квитанция төмендетілген тариф бойынша есептелініп келеді деп күтілуде", - дейді Министрлік өкілдері.

Похожие материалы