2 ақпаннан бастап kolesa.kz, krisha.kz және market.kz сияқты автокөлік пен жылжымайтын мүлікті электронды сауда арқылы сататын сайттар бағаны ұлттық валютамен көрсететін болды. Бұл туралы kolesa.kz хабарлайды.
Осылайша, тауарлар мен қызмет түрін және автокөліктерді сату кезінде сатушылар бағаны доллар, еуро немесе рубльмен емес, теңгемен белгілейді.
Сайттың мәлімдеуінше, Қазақстанда 2016 жылдың 2 ақпанынан бастап "Электрондық сауданы жүзеге асыру ережесі" күшіне енді. Жаңа ережеге қатысты №720 бұйрыққа ҚР экономика вице-министрі Марат Құсайынов 2015 жылдың 25 қарашасында қол қойып, ресми түрде 2016 жылдың 22 қаңтарында жарияланды.
Баға ұлттық валютада белгілеу мәселесі соңғы екі жылда, яғни 2014 жылдың ақпан айы мен 2015 жылдың тамыз айында болған девальвациядан кейін кеңінен талқылана бастаған. Кolesa.kz-тің ақпараты бойынша, 2015 жылдың соңғы бес айында бағасы теңгемен көрсетілген автокөліктер 20%-ға көп сатылған.
Фото: kolesa.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024