Алматы. 4 қыркүйек. 7kun.kz – 2019 жылғы маусымда қазақстандық ауылшаруашылық тауар өндірушілері өнім бағасын 2018 жылдың маусымымен салыстырғанда 15,1%-ға көтерді.
Бұл өсім Еуразиялық экономикалық одақтағы ең жоғары көрсеткіш болды. Мәселен, Ресейде ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы бір жыл ішінде 11,7%-ға, Беларусьте – 6,4%-ға өсті. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады.
Алайда Армения мен Қырғызстанда өндірушілер керісінше, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын 3,7%-ға және 6,4%-ға төмендетті. Жалпы, Одақта аталған өнімдердің бағасы бір жыл ішінде 10,9% - ға өсті.
Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдерінің түрлері бойынша өсімдік шаруашылығы өнімдерінің бағасы жылына 19,8%-ға өсті. Көрсеткіштің өсуі тек Ресейде жоғары болды – 21,9%.
Сонымен қатар, мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде қазақстандық өндірушілер бағаны 4,1%-ға көтерді. Бұл ретте осы сегменттегі ең үлкен өсім Ресей мен Беларусьте тіркелген – тиісінше 6,6% және 4,3%.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024