Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz – ҚР Ауылшаруашылық министрі Өмірзақ Шүкеев бидай бағасының өсуі туралы айтты.
«2017 жылы бидай бағасы 35 мың теңге көлемінде болса, 2018 жылы үшінші санатты бидай бағасы 48-49 мың теңге тұрады. Бидай бағасы тағы да көтеріледі деген болжам бар», - деді министр.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта жаңа өнімді экспорттау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«2017 жылы бидай тасушылар жетіспеушілігін байқадық. Биыл басқа мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеу нәтижесінде, логистика мәселелерін шешу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр», - деді Өмірзақ Шүкеев.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024