Алматы. 17 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-тамызда электр энергиясын өндіру көлемі 71,193 млрд кВт/сағат болып отыр. Бұл 2017 жылдың осы кезеңінен 6,2% артық, деп xабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Есептік кезеңде 54,257 млн Гкал жылу энергиясы өндірілген (былтырғы көрсеткіштен 8,1% көп).
Сумен жабдықтау бойынша қызмет көрсету көлемі 1,818 млрд текше метрді (-2,3%) құрап отыр.