Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда қияр 45,8% – ға, қызанақ – 32,8% - ға, қырыққабат-18,3% - ға қымбаттады, - деп хабарлайды Статистика комитеті.
Пияз 6,3%-ға, сарымсақ – 5,5%-ға, картоп – 2,7%-ға, қызылша – 1,2%-ға, сәбіз – 0,6%-ға қымбаттады, ал алма 0,7%-ға арзандады.
Өз кезегінде тары 1,4%-ға, ұн – 0,9%-ға, нан, сұлы жармасы, күріш – 0,4%-ға қымбаттады.
Тауық еті – 2,5%-ға, қой еті мен жылқы еті – 0,8%-ға, шошқа еті – 0,7%-ға, сиыр бауыры – 0,6%-ға, жартылай ысталған шұжық – 0,5%-ға, сиыр еті – 0,4%-ға қымбаттады.
Сүт – 3,1%-ға, жұмыртқа – 2,4%-ға, күнбағыс майы, майонез – 0,8%-ға, өсімдік майы – 0,7%-ға, маргарин – 0,6%-ға қымбаттады.
Сонымен қатар, арақ 1,3%-ға, қара шай 0,6%-ға қымбаттады.
Бұған дейін, Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстанда көкөніс бағасының өсуі негізсіз деп мәлімдеді. Әкімшіліктер тұрақтандыру қорында жеткілікті өнімдер бар деп мәлімдейді. Алайда, баға өсуде.
«Әкімшіліктер тарапынан бақылау жоқ. Қазір қияр, қызанақ бағасы көтерілді. Бұған ешкім назар аудармайды. Бақылауға алуды сұраймыз», - деді министрлер кабинетінің басшысы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024