Алматы. 18 ақпан. 7kun.kz - Егер 2015 жылы 996 жеке сот орындаушысы жұмыс жасаса, 2016 жылдың қорытындысы бойынша олардың жалпы саны 40 пайыз дерлік көбейіп, 1347-ге жеткен. Ал көмекшілер мен іс қағаздарын жүргізушілерді қоса есептегенде, бұл салада 4 мыңдай маман бар. Бұл туралы ҚР әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Министрдің айтуынша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-інші қадамында жеке сот орындаушылардың институтын одан әрі дамыту, сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту көзделген.
Сот шешімдерін орындау саласындағы мемлекет саясатын қалыптастыру - Әділет министрлігі қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Қазіргі таңда жеке сот орындаушылары институтын дамыту мақсатында сот приставтарын қысқарту жүзеге асырылуда. Бұл институт енгізілгеннен бері 4203 лицензия берілген.
«Күні бүгін сот орындаушылары 26 мемлекеттік органдардың 52 деректер базасынан нақты ақпараттарды алып отырады. Құжаттарды электронды түрде алу және сот орындаушылары қаулыларын санкциялау бойынша Жоғарғы сот және ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерімен қарым-қатынас орнатылған. Бұл дәлме-дәл есепті тез жүргізіп, атқарушылық құжаттарының жоғалуын барынша болдырмауға мүмкіндік береді. Берешегі барлардың мүлкіне тыйым салу мен одан шығарудың да электронды тетіктері жасалып, қолданылуда»,- деді Марат Бекетаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024