
Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында жүк айналымының көлемі 542,366 млрд тонна-километрді құрады. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,9% артық, - деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Есепті кезеңде теміржол көлігіндегі жүк айналымы көлемі 8,7% артқан. Жүк тасымалдау көлемі 3,703 млрд тоннаға жетті (бұл 2017 жылдың осы кезеңінен 5,2% артық).
Биыл қаңтардан қарашаға дейін жолаушы айналымы көлемі 257,181 млрд жолаушы-километрді құраған (+3,3%). Автомобиль көлігін пайдаланған жолаушылар ағыны 2,7%, теміржол көлігінде 2,8% артқан. Жалпы, 20,956 млрд жолаушы тасымалданған (+1,6%).
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025