Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – Қаржы министрлігі еліміздегі бірқатар жоғары оқу орнын сатуға кірісті, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Сауда-саттық ағымдағы жылдың 7 наурызында аукцион әдісімен өтеді, нысандар ең жоғары баға ұсынғандарға сатылады.
Республикалық меншік нысандарының арасында – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті және Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, сондай-ақ Алматы энергетика және байланыс университеті бар.
Сатылатын нысандардың бастапқы бағасы әртүрлі. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 1 711 278 931,00 теңге, ал кепілдік жарна – 75 750 000,00 теңге бағамен қойылады. Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 336 396 968,00 теңге, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы - 2 522 061 695,00 теңге, Алматы энергетика және байланыс университеті- 1 401 617 089,00 теңге деп бағаланып отыр.
Сонымен қатар, су мен қолданбалы спорт бойынша жоғары спорттық жарыстардың республикалық мектебі де осы аукционда сатылмақ.
Нысандар электрондық тендер арқылы сатылады, онда қатысушылар реестрдің арнайы бөлінген веб-бетінде жабық электрондық конвертте өздерінің бағасын ұсынады. Өтінімдер 7 наурыз күні сағат 8-ге дейін қабылданады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024